Ресейлік тәжірибелі бапкер Андрей Тихоновқа кеңес берді
«Тобыл», «Ертіс», «Шахтердің» бұрынғы бас бапкері Вячеслав Грозный әріптесі Андрей Тихоновтың «Астанадан» кетуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі matchtv.ru сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін ҚФФ Тәртіптік-бақылау комитеті Тихановті екі жылға футболдан шеттеткен болатын. Себебі оның командасы Қазақстан чемпионатының 25-турындағы «Қайратқа» қарсы матчта алаңнан кетіп қалған.
«Андрейдің орнында болсам, мүмкіндік туса, «Химкиді» қарар едім. Меніңше, бұл ең дұрыс таңдау. Егер «Химкиде» жақсы жұмыс істесе, «Спартак» оның кандидатурасына көз тігуіне мүмкіндік көп. Қазіргіден жақсы, Қазақстаннан алтынсыз және жергілікті футбол федерациясының жазасынан кейін оралып отыр», – деді Грозный.