1 мин.

Құрбан Бердыев: «Мен жігіттерге бұл біздің ең жақсы ойынымыз екенін айттым»

Алматылық клуб бірінші таймда үш рет гол соғатын мүмкіндікке ие болды.

«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев «Карабахқа» қарсы ойынды (1:2) қорытындылады:

– Бүгінгі ойынға көңіліңіз тола ма?

– Мен жігіттерге бұл біздің ең жақсы ойынымыз екенін айттым. Тек уақыт жеткіліксіз болды. «Карабахта» қарымта шабуылға қалай шығу керектігін білетін өте жылдам шабуылшылар бар. Жалпы, ойынға көңілім толады.

– Ян Вороговскийдің жағдайы қалай?

– Ол шынымен де ауыр жарақат алды.

– Кеше баспасөз мәслихатында Яцек Гуральски матчты толық өткізуге дайын емес деп айттыңыз, бірақ бүгін ол 90 минут ойнады.

– Яцекке келсек, біз жетпісінші минутта оны ауыстырайын деген едік, бірақ Поляков жарақат алған Әліптің орнына шығуға мәжбүр болды.