«Црвена Звезда» клубының бұрынғы қақпашысы «Ақтөбемен» келіссөздер жүргізуде
«Ақтөбенің» қазіргі қақпашысы Жасур Нарзиқұлов бұл маусымда көп қателік жіберді.
Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, сербиялық қақпашы Саша Стаменкович жақын арада «Ақтөбеге» ауысады. Оның кандидатурасына «Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Мұханов қызығушылық танытып отыр.
Бұған дейін 36 жастағы қақпашы ҚПЛ-да өнер көрсетіп, «Оқжетпестің» намысын қорғап келген. Стаменкович Премьер-лигадағы ең мықты қақпашылардың бірі саналды.
Стаменкович «Црвена Звезда» мен әзірбайжандық «Нефтчи» клубында ойнаған. Қақпашының соңғы клубы бакулік «Сабах» болды.