Самат Смақов: «Қайраттың» үш ұпай алуға мүмкіндігі жетеді»
«Қайрат» 4 қараша күні өз алаңында «Карабахты» қабылдайды.
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Самат Смақов Конференция лигасының топтық кезеңінің төртінші турындағы алматылық «Қайрат» пен әзірбайжандық «Карабах» арасындағы матч жайлы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды AzeriSport басылымы:
– «Қайрат» өз алаңында ойнайды. Стадион лық толатын шығар. Яғни, командаға жақсы қолдау көрсетіледі. Бакудегі жеңілістен кейін жоғалтатын ештеңе қалмады. Үш тур қалды, сондықтан бар күш-жігерін салуы керек. Өз алаңында «Карабахты» жеңуі тиіс. Менің ойымша, бұл үшін мүмкіндік бар. Неге өз алаңында қарсыласын жеңбеске. «Қайраттың» үш ұпай алуға мүмкіндігі жетеді. Сонымен қатар қазір Құрбан Бердыевтің командасы қарсыласын жақсы біледі. Әрине, қарсыласты талдап, жеңіс үшін ойнауға болады. «Карабах» айтарлықтай күшті команда, бірінші кездесуде Филипп Озобичтің ойыны ұнады. Ойынның аяғында «Қайрат» қақпасының маңында көп қысым жасалды. Кездесу соңында қарсылас «Қайратты» қыса бастады және гол соғып кетті.