1 мин.

«Астана» футболшысы Беларусь құрамасына шақырту алды

Беларусь құрамасының бас бапкері Георгий Кондратьев 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысатын ұлттық құраманың құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астананың» 22 жастағы жартылай қорғаушысы Макс Эбонг ұлттық құрама сапына қосылды.

13 қарашадан 14 қарашаға қараған түні Беларусь құрамасы Уэльс құрамасымен матч өткізеді. 16-сы күні тағы екі жолдастық кездесу – Литва және Иорданиямен.

Еске салайық, Эбонг елордалық команда сапында 50 матч өткізіп, 6 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген.