1 мин.

«Ақтөбе» «Астана» шабуылшысымен келіссөздер жүргізуде

Шабуылшы «Крылья Советов» клубына тиесілі, бірақ Ресейге баруы екіталай.

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Астана» клубының шабуылшысы Абат Айымбетов «Ақтөбеге» оралуы мүмкін. Қос тарап арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы маусымның соңында Айымбетов «Астанадан» кетеді. Себебі, шабуылшының жалдау мерзімі аяқталуға жақын. Айымбетов ресейлік «Крылья Советов» командасына тиесілі, бірақ оның самаралық клубқа оралуы екіталай.

Абат бұған дейін де «Ақтөбенің» намысын қорғап, 2013 жылы Қазақстан чемпионы атанған болатын.