Қазақстандық футболшы «Галатасарайға» қарсы матч өткізді
Түркия чемпионатының 11-туры аясында Александр Меркель ойнайтын «Газиантеп» командасы сырт алаңда «Галатасараймен» ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Стамбұлда өткен кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Олимпиу Морутан үшінші минутта есеп ашса, 73-ші минутта Мохаммед Керем Актюркогл түрік грандының басымдығын еселеді.
Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Меркель негізгі құрамда шығып, 67-минутта ауыстырылды.
Газиантеп 12 ұпаймен турнир кестесінде 14-ші орында. Галатасарай 20 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді.