Игорь Сергеев: «Тобыл» – өте жақсы, ұйымшыл команда»
Игорь соңғы турларда гол соғып, командасының чемпион атануына көмектесті.
Қостанайлық «Тобылдың» шабуылшысы Игорь Сергеев маусымды қорытындылады:
– Облыс әкімі айтқандай, биылғы маусым өте ауыр болды, оның ішінде жеке өзім үшін қиынға соқты. Маусым барысында мен команда ауыстырдым, бірақ қостанайлық «Тобылға» келгеніме өте қуаныштымын. Мен дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын. Менің осында болуымды қалаған адамдарға алғыс айтамын.
«Тобыл» - өте жақсы, ұйымшыл команда, кәсіпқой ойыншылардан құралған. Бір мақсат болды – ел чемпионы болу және бәрі сол үшін күресті.
«Тобыл» 11 жылдан кейін тағы да чемпион атанды, осындай сәтте, гол соғып, жеңіске үлес қосудың өзі бір ғанибет. Барлық қостанайлықтарды чемпион атануымызбен құттықтаймыз! Алға, «Тобыл»!