1 мин.

Александр Седнев: «Біз еурокубоктерде ойнауға әлі лайықты болмаған шығармыз»

Седнев мырза төрешілерге әділ жұмысы үшін алғыс айтты.

«Ордабасының» бас бапкері Александр Седнев «Қызыл-Жармен» болған чемпионаттың ақтық ойыны жайлы пікірін айтты:

– Тартысқа толы ойын болды, өкінішке орай біз жеңілдік. 0:2 есебімен жеңіліп жатқан кезімізде екі бірдей гол соға алдық, алайда бұл – тағдыр. Бәлкім, біз еурокубоктерде ойнауға әлі лайықты болмаған шығармыз. Сонымен қатар мен төрешінің жақсы әрі сапалы жұмысын атап өткім келеді. Оларға ерекше құрмет! Қарсылас команданы жеңіспен және чемпионаттағы лайықты орындарымен құттықтағым келеді.