1 мин.

«Астана» футболшыларының алаңнан кетіп қалуына байланысты түсініктеме берді

Қазақстан чемпионатының XXV туры аясында «Қайрат» – «Астана» командаларының кездесуі кезінде «Астана» футбол клубына қатысты халық арасында дау тудырған мәселе жайында клуб ресми түсініктеме берді.

«Аталған жағдайға қатысты клуб келесі жайттарды мәлімдейді:

– «Астана» ФК Қазақстан чемпионатының XXV туры аясындағы кездесуде болған жағдай үшін толығымен жауапкершілікті өз мойнына алады;

– «Астана» клубы жақын арада осы жағдайды егжей-тегжейлі қарастырып, керекті шаралар қабылдайды;

– Команданың бас жаттықтырушысы А.В. Тихоновты Бақылау-тәртіптік комитетінің 24 ай мерзімге дисквалификация түрінде жазалау шешімін клуб ауыр деп санайды.

«Астана» клубының баспасөз қызметі қабылданған шаралар мен шешімдер жөнінде толық ақпаратты ресми дереккөздерінен қарауды сұрайды», – делінген мәлімдемеде.