2 мин.

Игорь Шацкий: «Ұлттық құрамаға 32 жасымда шақырту аламын дегенге бұрын сенбес едім»

Қарағандылық «Шахтер» клубының және Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий Prosports.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында өз прогрессінің сырын ашып, табиғи қарапайымдылығы мен балуандармен қалай төбелескенін айтып берді.

– Игорь, аяқталуға таяу қалған маусымды өзіңіз үшін қалай бағалайсыз?

– Жаман емес. Жыл басындағы жарақаттарға байланысты екі ай алаңға шықпағаным болмаса, бұдан да жақсы болар еді (күлді). Дегенмен, жоғары бағалаймын.

– Жыл басында «Тобылдан» «Шахтерға» ауыстыңыз. Бір қадам артқа шегінгендей көрінгенмен алаңға тұрақты шыға бастадыңыз. Қарағандыға оралғаныңызға өкінесіз бе?

– Артқа шегіндім деп айтпас едім. «Шахтер» – менің үйім, мен осында өстім және осы күнге дейін өсіп келе жатырмын, еурокубокқа қатыстық. Сондықтан өкініш жоқ. Керісінше, Қарағандыға оралғаныма қуаныштымын. 

– Сіздің ойыңызша, не себепті қостанайлық клубтың негізгі қақпашысы бола алмадыңыз?

– Ол жерде жаңа команда құрылып жатыр еді, маған сенім артпады. Жаттықтырушыларға ешқандай шағымым жоқ - Григорий Константиновичтің («Тобылдың» бұрынғы бас бапкері Бабаян - Prosports.kz) маған жұмыс кезіндегі ниеті түзу болды. Мәселе менде, сол кездегі психологиямда болса керек. Өйткені мен бүкіл мансабымды бір командада өткіздім, Қарағандыдан ешқайда кетпедім. Бәлкім, 25 жасымда «Тобылдың» негізгі құрамынан орын алар ма едім.

– «Кеншілер» сәтсіз маусым өткізіп жатыр. Өткен жылдан қарағанда биыл кестеде төмен орналасады. Команданың сүренсіз нәтижесін қалай түсіндіруге болады?

– Бұл бірінші кезекте бапкердің ауысуына байланысты деп ойлаймын. Магомед Адиев келгенде жағдаймен, командамен, бүкіл қазақстандық футболмен танысу үшін белгілі бір уақыт қажет болды. 

– Әйткенмен, команданың кестеде төмен орналасса да, ұлттық құрамаға шақырту алдыңыз. Негізгі құрамда шықтыңыз. 32 жасыңызда Қазақстан құрамасына шақырту аламын деген үміт болды ма?

– Шынымды айтсам, шақыртуды күттім, бірақ аса қатты үміттенбедім. Аутсайдер командадан ұлттық құрамаға шақырылатын футболшы аз. Еурокубоктағы ойыным құрама бапкерлеріне ұнаса керек. 

«Стяуамен» өткен матчтардан кейін Маруаұлыпен сөйлестім (Талғат Байсуфинов, Қазақстан құрамасының бас бапкері – Prosports.kz пікірі). Ал «Маккабимен» қарымта кездесу алдында Николай Викторович Родионов (ұлттық құрамадағы қақпашылармен жұмыс жасау маманы – Prosports.kz пікірі) қоңырау шалды, содан кейін құрамаға шақырылдым.

– «Стяуа» және «Колоспен» пенальти сериясында қаһарман атандыңыз. Қазақстандық жанкүйерлер ұзақ уақытқа дейін ұмытпайтын шығар...

– Өзімді көрсеткім келді. Әрине, Валерий Леонидович Ситаломен («Шахтерде» қақпашыларды баптайтын жаттықтырушы – Prosports.kz) жұмыс жемісін берді.

– Осы маусымнан кейін «Шахтерде» қаласыз ба?

– Әрине! Өйткені, «Шахтермен» 2023 жылдың соңында дейін жарамды келісімшартым бар.