1 мин.

Марат Быстров «Ахматтың» жеңіске жетуіне көмектесті

Грозныйлық «Ахмат» Ресей Премьер-лигасының 12-турында өз алаңында «Уралмен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz. 

«Ахматтың» қазақстандық қорғаушысы Марат Быстров бұл ойында негізгі құрамда шығып, ойынды толық өткізді. 

Ал кездесу алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Жалғыз голды «Тобылдың» экс-шабуылшысы Сенин Себаи соқты.  

«Ахмат» 15 ұпай жинап, турнир кестесінде оныншы орынға көтерілді.