Зайнутдинов ЦСКА-ға жеңіске жетуге көмектесті
ЦСКА Ресей Премьер-лигасының 12-тур матчында өз алаңында Самараның «Крылья Советов» командасымен ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу мәскеуліктер үшін сәтсіз басталды, 11-минутта самаралықтардың сұрмергені Иван Сергеев есеп ашты. Екінші таймда мәскеуліктер Чидера Эджукенің 57-минутта соққан голының арқасында есепті теңестіре алды. Ал ойынға тыңнан қосылған Федор Чалов 88-минутта мәскеуліктердің есепте алға шығуына көмектессе, Антон Заболотный матч нүктесін қойды - 3:1.
ЦСКА-ның қазақстандық жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов ойынды негізгі құрамда бастап, матчты толығымен алаңда өткізді.
ЦСКА осы жеңістен кейін 23 ұпай жинап, чемпионат көшбасшысы «Зенитті» қуып жетті.