«Каспий» бас бапкерімен келіссөз жүргізбеген
Ақтаулық «Каспий» клубының бас бапкері Срджан Благоевичтің командадағы болашағы белгілі болды, деп хабарлайды «Тень отца Гурмана» телеграм-арнасы.
Дереккөздің мәлімдеуінше, Срджан Благоевич маусым аяқталысымен клубтан кетеді. Сербиялық маманға басты үміткер — «Астана». Бірақ елордалықтар Благоевичпен келіссөз жүргізбегендерін мәлімдеді.
Ал «Каспийге» болгариялық маман Николай Костов бас бапкер болып тағайындалуы мүмкін.