Раде Дугалич: «Қонғанымыз сол еді, ұшаққа көлік келіп соғылды»
Ұшақтағы адамдардың ешқайсысы зардап шекпеген екен.
«Қайраттың» қорғаушысы Раде Дугалич Алматы әуежайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды РБ Спорт порталы:
– Біз бұл оқиғаның қалай болғанын білмейміз. Біз ұшып келдік, бәрі жақсы еді, сосын ұшаққа көлік келіп соғылды. Біз қатты соққыны сездік. Көліктің быт-шыты шықты.
– Сіздер мұны қалай қабылдадыңыздар?
– Бәрі жақсы. Бірақ бәрі есеңгіреп қалды: қалай ұшып-қону жолағының бойымен көлікпен жүруге болады?
– Барлығының денсаулығы жақсы ма?
– Иә, Құдайға шүкір, бәрі сау. Ешкім зиян шеккен жоқ. Бұл оқиға таңертең болды. Көбісі ұйықтап жатты, бірақ соққыдан бәрі бірден оянды.
– Қорқып қалдыңыздар ма?
– Қатты қорыққан жоқпын. Барлығы үшін бұл күтпеген жағдай болды. Ұшақ қонып келе жатыр, көлік келіп соғылды.