«Алматыда оларға өте қиын болады»
«Ордабасы» қорғаушысы «Карабахқа» қарсы қарымта матчта «Қайраттың» басымдығын айтты.
Қазақстандық «Ордабасының» қорғаушысы Қарам Сұлтанов azerisport.com сайтына Бакуде Әзірбайжандық «Карабах» пен «Қайрат» арасындағы футболдан Конференциялар лигасы топтық кезеңінің 3-тур матчына (2:1) пікір білдірді.
«Бірінші таймда «Қайрат» өте жақсы ойнады, тіпті гол соға алды. Ал үзілістен кейін счетты ұстап қалу үшін ойнай бастады. Менің ойымша, олар бірінші таймда болған қысымды жалғастыруы керек еді.
«Карабахқа» жеңіске жетуге жанкүйерлер көмектесті. Ұзақ уақыт бойы матчтар оларсыз өтті. Алматыда «Карабахқа» өте қиын болады деп ойлаймын. «Карабах» әрқашан жақсы және мықты команда болды. Осы маусымда олар ұлттық құраманың ойыншыларымен нығайтылды. Олардың бірі Рамиль Шейдаев алаңға шығып, есепті теңестірді", – деп мәлімдеді Сұлтанов.