«Астана» бас бапкерге қатысты мәлімдеме жасады
«Астана» клубы бас бапкер Андрей Тихоновқа қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
«Бірқатар БАҚ-та «Астананың» бас бапкері Андрей Вальеревич Тихоновпен еңбек қатынастарының тоқтатылғаны туралы ақпарат жарияланды.
«Астана» футбол клубы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді: клуб жаттықтырушылар штабы футболшылармен бірге жұмысын белсенді жалғастырып, Қазақстан чемпионатындағы матчтарға дайындалып жатыр.
«Астана» футбол клубының баспасөз қызметі тек клубтың ресми сайтындағы ақпараттарға сенуді сұрайды», – делінген клуб сайтындағы хабарламада.