Құрбан Бердыев: «Бакудегі ойын тартысты өтетіні сөзсіз»
«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңінің үшінші турында әзірбайжандық «Карабахпен» сырт алаңдағы ойыннан не күтетін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
– Бакуге қандай мақсатпен келдіңіз? Жеңіске жету міндетті ме, әлде тең нәтижеге де көңіліңіз тола ма?
– Біз тек бір ұпай алу үшін келдік деп айтпас едім. Бұл жағдайда «Қарабахқа» да, бізге де жеңіс қажет.
– «Қарабахқа» арнайы тактика дайындалды ма?
– Егер біз тактика туралы айтатын болсақ, менің ойымша, бұл баспасөз мәслихатында қойылатын сұрақ емес.
– «Қарабах» бірнеше матч жеңілмей келеді. Бұл сіздің ойыншыларға қаншалықты әсер етеді?
– Иә, бұл, әрине, команданы жігерлендіреді. «Қарабах» ұзақ жылдар бойы Әзірбайжан футболының көшбасшысы болды. Өте тәжірибелі команда. Ертең ойын қызықты болады деп ойлаймын.
– БАҚ Вагнер Лав ойнамайды деп жазды...
– Өкінішке қарай, Вагнер Базелде жарақат алып, жалпы топта 2-3 жаттығу ғана өткізді. Дегенмен, оның ойынға қатысуы әбден мүмкін.