Тағы да он ойыншымен ойнаған мәскеулік «Қайрат» бір ұпайға ие болды
Мәскеуліктер әдетінен танбай, қызыл қағаз алды.
Мәскеулік «Қайрат» ФНЛ-2 турнирінің 17-турында өз алаңында санкт-петербургтік «Динамомен» тең ойнады. Матч 0:0 есебімен аяқталды. Ойынның 83-минутында «Қайрат» (Мәскеу) қорғаушысы Егор Ткаченко екінші ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды
«Қайрат»: Вадим Ульянов (қ) - Лев Кургин, Дамир Қасаболат (к), Егор Ткаченко, Сергей Киряков (Әлібек Жұмабек 34) - Ваагн Айрапетян (Байжан Мәделхан 82), Антон Крачковский, Андрей Савинов - Ален Айманов (Айбар Абдулла 66), Сергей Пряхин, Вячеслав Швырев;
17-турдан кейін 19 ұпай жинаған мәскеулік «Қайрат» турнирік кестеде 5-ші орынға жайғасты.