«Атыраудың» бразилиялық шабуылшысы ауыр жарақат алды
Оны алаңнан желел-жәрдем көлігімен әкеткен болатын.
Meta-ratings.kz сайтыга белгілі болғандай, Қазақстан чемпионатының 24-турында «Ордабасымен» болған матчта «Атыраудың» 26 жастағы бразилиялық шабуылшысы Аллеф ауыр жарақат алды.
Ойыншы әуедегі допқа талас кезінде жерге сәтсіз түсті. Бір минуттан кейін бразилиялықты жедел жәрдем алып кетті, ал оның орнына Мұқағали Пангерей алаңға шықты.
Ресми емес мәліметтер бойынша, Аллефтің аяғы сынған. Жақын арада легионерге ота жасалады, қалыпқа келу үшін кететін уақыт туралы айту қиын.
«Атырауға» Аллеф жазғы трансферлік терезеде қосылды. Қазақстан чемпионатында шабуылшы 3 кездесу өткізіп, 1 гол соқты, ал ел кубогінде 4 ойын өткізді, 1 голды өз атына жазды.