Азат Нұрғалиев футболдан Қазақстан чемпионатында тарихи көрсеткішке қол жеткізді
«Тобылдың» жартылай қорғаушысы әрі капитаны Азат Нұрғалиев «Қызыл-Жарға» қарсы ойында (0:2) өзінің Қазақстан премьер-лигасындағы 458-ші кездесуін өткізді.
Осылайша, «Тобылдың» капитаны Серік Жейлітбаевтан асып түсіп, премьер-лигада ең көп ойын өткізген екінші ойыншы атанды. Қазақстан чемпионатында Азат Нұрғалиев 2004 жылы 15 сәуірде Қызылордада «Қайсарға» қарсы матчта дебют жасады.
Азат Нұрғалиев премьер-лигада 458 кездесу өткізіп, 88 гол соқты.
Премьер-лигада ең көп ойын өткізген футболшылардың тізімі (1992-2021 жыл):
1. Нұрбол Жұмасқалиев - 523 матч;
2. Азат Нұрғалиев - 458;
3. Серік Жейлітбаев - 457;
4. Самат Смақов - 452;
5. Мақсат Байжанов - 446.