1 мин.

«Қайрат» Вагнер Лавқа жаңа келісім-шарт ұсынбайды

Sports.ru Қазақстанның ақпаратына сүйенсек, бұл ЦСКА және Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысының алматылықтар сапындағы соңғы маусымы болмақ.

Дереккөзге сәйкес, Вагнер Лава Алматы клубының жаңа жаттықтырушылар штабының жоспарына сәйкес келмейді. Құрбан Бердыев бразилиялық шабуылшыны тек бір матчқа, Конференция лигасы аясындағы «Фолой Эш» клубына қарсы толық шығарды. Келесі жылы бразилиялық 38 жасқа толады, «Қайрат» бапкері оның алдағы маусымдағы функционалдық жағдайына күмән келтіреді-міс.

Сонымен қатар, клуб бапкерінің Вагнер Лавтың жаттығу процесіндегі жұмысына, ынта-жігеріне көңілі толатыны айтылады. Бар мәселе футболшының жасы мен жалақысында болып отыр. Бердыев оның орнына жас ойыншыны шақыруды жөн көреді.

Сонымен қатар, командада Вагнермен бәсекеге түсе алатын басқа да ойыншылар, атап айтқанда оның отандасы Жоао Пауло мен жас қазақстандық Артур Шушеначев бар. Хосе Кантенің де командадағы орны нық екені белгілі.

Алматылықтар келесі жылы чемпиондық атақты қайтарып, Еуропа Лигасы немесе Конференциялар Лигасының топтық кезеңіне өтуге тырысады. Бұл міндетті орындау үшін жаттықтырушылар штабы трансферлік нарықты бір сүзіп шығады, ал Вагнер Лавпен қатар қысқы үзілісте бірнеше футболшы командадан кетуі ықтимал.

Бразилиялық легионер мансабын аяқтауды жоспарламайды, өйткені ол өзінің әлі де ойнауға әзір екенін сезінеді. Алайда ойыншы басқа чемпионатта доп тебуге қарсы емес. Егер ол өз отанынан лайықты ұсыныс алмаса, онда Азия чемпионаттарының бірінде өнер көрсетуі мүмкін.