Теему Пукки Финляндия құрамасының ең үздік сұрмергені атанды
Пуккидің рекорд жаңартуына Қазақстан құрамасы көмектесті.
Финляндия құрамасының шабуылшысы Теему Пукки 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы (2:0) өткен матч жайлы ойымен бөлісті.
- Бұл матчта сіз Финляндия құрамасы үшін 32 және 33-ші голдарыңызды соқтыңыз, осылайша бұл көрсеткіш бойынша рекорд авторы атандыңыз. Бұл жетістіктен кейін өзіңізді қалай сезінудесіз?
- Иә, мен Финляндия футболының аңызы - Яри Литманеннің рекордын жаңарттым. Оның еншісінде 32 гол бар еді. Мен Финляндия құрамасындағы 33-ші голымды соғып, жаңа рекорд орнаттым. Менің арманым шындыққа айналды деп айта аламын.
- Сіз бұл оқиғаны қалай атап өтпексіз?
- Біз бұл жетістікті тойламаймыз. Біз бұл матчта жақсы нәтижеге қол жеткіздік - бұл біздің ортақ еңбегіміз.