1 мин.

Альбин Гранлуд: «Жасанды төсеніш ойынымызға қатты әсер етеді деп айта алмаймын»

Бұл футболшы бұған дейін де жасанды төсеніште ойнаған екен.

Финляндия құрамасының қорғаушысы Альбин Гранлуд Қазақстанмен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, жергілікті тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

- Алдағы матч жасанды төсеніште өтеді, бұл нәтижеге әсер етуі мүмкін бе?

- Біз жасөспірімдер құрамасында жүрген кезде жасанды төсеніште ойнадық, сондықтан қатты әсер етпейді.

- Қазақстан құрамасының ойыншылары туралы не айта аласыз? Нақтырақ айтқанда, Георгий Жуков туралы, сіз онымен бір чемпионатта ойнайсыз ба?

- Мен Георгий Жуковпен жеке таныс емеспін, бірақ оның Польша чемпионатында ойнайтынын білемін.