Бақтиер Зайнутдинов: «Олар өздерінің мүмкіндіктерін пайдаланды, ал бұл біздің қолымыздан келмеді»
Қазақстан соңғы минуттарда гол соғып еді, бірақ есептелмеді.
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Босния және Герцеговинамен болған матч (0:2) жайлы пікір білдірді.
- Бақтиер, жанкүйерлер бүгін сенен нәтижелі әрекет күтті. Бүгінгі ойында не жетіспеді?
- Бізде мүмкіндіктер болды. Жай ғана оларды пайдалана алмадық. Басқа айтар ештеңе жоқ.
- Қарсыластар Қазақстанның бірлігі және командалық жұмысымен танымал екендігін айтты. Сіздің ойыңызша, жеңіліске қарамастан, жігіттер осы қасиеттерін көрсете алды ма?
- Менің ойымша, иә, біз бір команда ретінде ойнадық. Олар өздерінің мүмкіндіктерін пайдаланды, ал бұл біздің қолымыздан келмеді.