Жартылай қорғаушысы Лука Менало: «Қазақстанға қарсы ойында тағы да көзге түскім келеді»
Загребтің Динамосы» мен Босния және Герцеговинаның жартылай қорғаушысы Лука Менало Қазақстанға қарсы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кездесуі алдында пікірін білдірді, деп хабарлайды KazFootball Босния және Герцеговина футбол одағына сілтеме жасай отырып.
– Бізде визаға қатысты көптеген проблемалар болды, бірақ біз бұған ештеңе істей алмаймыз, сондықтан аянбай тер төгіп, Қазақстанмен кездесуге дайындалуымыз керек. Бізге ұзақ жол мен уақыт белдеуінің өзгертуі ерекше әсер етті, біраз шаршаңқырап қалдық, алайда жергілікті жағдайға бейімделуге уақыт жеткілікті. Қазақстан бізге ыңғайсыз команда. Біз олармен жақында күш сынастық әрі оларды жақсы білеміз. Қарсыластардың күшті және әлсіз жақтарын білеміз. Біз матчқа толық дайын боламыз және жеңіске жетеміз деп үміттенеміз. Мен Қазақстанға қарсы матчта тағы да гол соғуға қарсы болмас едім.