Экс-ойыншысы Аничич: «Егер бір-екі жағдай біздің пайдамызға шешілсе, кем дегенде екі доп айырмашылығымен жеңіске жетер едік»
«Астана» мен Босния және Герцеговина құрамасының экс-қорғаушысы Марин Аничич Қазақстандағы ойындарын еске алып, 2022 жылғы ӘЧ іріктеу матчы туралы пікірімен бөлісті.
- Мен визамен болған барлық оқиғалар туралы оқыдым. Мәселе неде екенін білмеймін, мен Қазақстанда жүргенде мұндай жағдайға куә болып көрген жоқпын. Алайда біз үшін «Астана» барлығын алдын ала ұйымдастырып қоятын.
Біз Крунич, Пьянич және тағы бірнеше маңызды футболшыларға сенім арта алмаймыз, бірақ соған қарамастан біз әлі де фаворит болып қала береміз. Алаңға кім шықса да, барын салып ойнайды. Бірінші ойында біздің қаншалықты мықты екеніміз анық көрінді. Егер бір-екі жағдай біздің пайдамызға шешілгенде, біз кем дегенде екі доп айырмашылығымен жеңер едік.
Қазақстан мен «Астана» туралы тек оң пікірімді ғана айта аламын. Ол уақыттарда біз Қазақстан футболының тарихында үлкен жетістіктерге жеттік, төрт жыл қатарынан Еуропа Лигасында және Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойнадық. Бұл құр-жай қарайтын жайт емес. Алайда кейінірек өзімді күштірек лигада сынап көргім келді. Түркияда инфрақұрылым жақсы дамыған, ал чемпионат ұйымдастыру жағынан жоғарғы деңгейде.
Мен Босния және Герцеговина құрамасында бір ойын өткіздім. Әрине, оның саны көбірек болғанын қалайсың, бірақ мұның нақты себебін білемін. Мен құрамаға шақырту тізімін жасағандарды да түсінемін, мен көбі қызыға қоймайтын Қазақстан чемпионатында ойнадым. Кейінірек, Түркияға ауысқанымда ауыр жарақат алып қалдым. Болар іс болды.