«Астана» қақпашы Сейсен мен шабуылшы Жақсылықовты қатарына қоспақ (Pass_goal)
«Астана» қысқы үзілісте «Тараз» қақпашысы Мұхаметжан Сейсен мен «Жетісу» шабуылшысы Айбар Жақсылықовты қатарына қосуы мүмкін. Қазір екі футболшы да Қазақстан ұлттық құрамасының сапында.
Сейсен осы маусымда «Таразда» 23 ойын өткізіп, 28 гол жіберіп алды. Жақсылықов 15 матчта төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Ол өнер көрсететін талдықорғандық «Жетісу» ҚПЛ-да қалу мүмкіндігін жоғалтты.
Айта кетейік, қазіргі уақытта «Астана» ішкі біріншіліктің турнир кестесінде Қостанайдың «Тобылынан» бір ұпайға озып тұр.