Босния және Герцеговина құрамасының алты ойыншысының екеуі Қазақстанмен матчқа виза алды
Кеше виза рәсімделмегендіктен Қазақстанға кіре алмаған Босния және Герцеговина футбол құрамасының алты ойыншысының екеуі кеше кешке тиіссті құжаттарын алды.
Атап айтсақ, 23 жастағы орталық жартылай қорғаушы Ади Наличе («Мальме», Швеция) және 21 жастағы қорғаушы Юсуф Газибегович («Штурм», Австрия) виза алды. Бүгін бұл футболшылар Нұр-Сұлтан қаласына келіп, Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының сапына қосылуы керек.
Бұған дейін босниялықтар мәлім еткендей, егер Қазақстан қарсылас команданың ойыншыларына виза беруден негізсіз бас тартса, УЕФА тарапынан санкциялар салынады.
Ертең, 8 қазанда екі команданың бас бапкерлерінің қатысуымен ойын алдындағы жаттығулар мен баспасөз конференциясы өтеді. Ал 9 қазан күні сағат 19:00-де «Астана-Аренада» Қазақстан мен Босния және Герцеговина құрамалары арасындағы ӘЧ-2022 іріктеу матчы өтеді.