1 мин.

Мәскеулік «Қайраттың» бапкері: «Қазақстандықтың Ресейге келуі – өте нық қадам, мұндағы лиганың деңгейі жоғары»

Мәскеулік «Қайраттың» бас бапкері Евгений Коструб «Луки-Энергиямен» (0:0) тең ойыннан соң сұхбат берді.

– Бірінші кезекте қарсыласымызға өте тартысты ойын үшін алғыс айтамын. Негізгі уақытқа қосылған қосымша 3 минутта допқа талас-тарту қызу жүрді, аса тартысты матч жанкүйерлерге ұнады деп ойлаймын. Кездесу қорытындысына келсек, біздің жанкүйерлеріміздің өкпесі бары сөзсіз. Алайда нағыз күреске толы, тартысты өнер көрсеткен жігіттер барлық мақтауға лайық!

– Матч аса жоғары жылдамдықта өтсе де, ереже бұзулар мен қақтығыстар аз болды. Мұны немен байланыстырасыз?

– Соңғы кездері біз бұл тақырыпты командамен бірге көп талқыға салдық. Біздің ойыншылар әр кездесу сайын 4-5 ескерту қағазын, тіпті алаңнан қуылды. Бұл – нағыз проблема, ойыншылар осының кесірінен командасын жерге қаратады. Қуылған ойыншы екі матч бойы алаңға оралмайды. Меніңше, біз жігіттерге мұны жақсылап жеткізгендей болдық. Бүгінгі матчта бұл жұмысымыз байқалды деп ойлаймын. Қарсылас команда да қатаң, агрессивті күреске көшті, бірақ қасақана шалып жығып, арандатушылық болған жоқ.

- Сіздің мансабыңыз Қазақстанда өтті, қазір сіз Ресейдесіз. Мұндағы футболды өз еліңіздегімен салыстыра аласыз ба?

– Мен әрдайым жігіттерге футболшы мансабымда Ресейде ойнауды армандағанымды айтып отырамын, өйткені бұл мен үшін үлкен қадам. Алайда белгілі себептерге байланысты бұл ойым жүзеге асқан жоқ. Қалай болғанда да, қазақстандық ойыншының осында келуі – алға жасалған қадам, мұндағы лиганың әлеуеті жоғары. Егер лиганың деңгейі туралы айтатын болсақ, біздің кіші топқа қараңыз, мұнда оңай матчтар мен қарсыластар мүлдем жоқ. Талас-тартыс дәрежесі өте жоғары, алаңның әр шебінде күрес жүреді, әсіресе әуедегі допқа таласқа басымдық берілген. Барлық футболшылар нәтижеге жету үшін әрдайым тырысады, ешкім күрестен бас тартпайды және барлығы соңғы секундтарға дейін ойнайды. Біздің команданың барлық ойыншылары үшін бұл, жүз пайыз, алға жасалған қадам.