Муханов командасының жеңісі туралы: «Жігіттер өздерінің ерік-жігерін көрсетті»
«Ақтөбе» командасының бас бапкері Владимир Муханов ҚПЛ-ның 23-турындағы «Қайсармен» (0:2) өткен жеңісті ойын туралы пікірімен бөлісті:
«Ойын өте қиын болды. «Қайсар» ұшып кетудің алдында тұр, ал бізге жанкүйерлерімізді қуантып, өзімізге серпін сыйлау үшін үш ұпай ауадай қажет еді.
Біз жасанды алаңда жаттыққан жоқпыз, бірақ жігіттер батылдық танытып, моральдық тұрғыда өздерінің ерік-жігерін көрсете білді. Біз бүгін лайықты жеңіске қол жеткіздік», - деді Муханов.