1 мин.

«Игілік» қаржылық қиыншылықтарға байланысты Бірінші лигада ойнауды тоқтату мүмкін

Sports.ru Қазақстанға білгілі болғандай, қаратаулық «Игілік» қаржылық қиыншылықтарға байланысты маусымды мерзімнен бұрын аяқтауы мүмкін.

Клуб басшылығы бұл маусымды аяқтамауды жоспарлап отыр, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев уәде бергенімен қаржы мәселесін шешкен жоқ. Дереккөздің айтуынша, 2020 жылы облыс басшысы егер команда Бірінші лигаға шақса, қаржымен көмектесуге уәде берген.

Осы маусымда ойыншылар жалақысыз өнер көрсетті. Команда тек Қаратау футболының жанкүйерлері мен футбол сүйер қауымның қолдауымен алаңға шықты.

Айта кету керек, жақында облыстық спортсмендердің кездесуі өтті, онда Сапарбаев Бірінші лиганың командасына қаржылай қолдау көрсететінін тағы да айтты.