1 мин.

ҚФФ қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы Мәулен: «Кеше ойыншылардың бірі жанкүйерлерге бірдеңе айқайлады»

Қазақстан Футбол Федерациясы «Каспий» – «Астана» матчында болған оқиға бойынша тәртіптік комиссия отырысын өткізеді.

Бұл туралы ҚФФ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Ермұхамед Мәулен хабарлады.

— Ойын инспекторы матчтан кейін не болғанын, жанкүйерлердің, төрешінің және екі команданың ойыншыларының қандай әрекет жасағаның жазып алды. Ол бәрін хаттамаға енгізді, ертең бізде федерацияда тәртіптік бақылау комитетінің отырысы болады. Инспекторлар кездесіп, кеңес өткізеді. Содан кейін төраға бәрін комиссия мүшелерімен талқылап, шешім қабылдайды.

Клуб немесе ойыншылар жазаланады ма , біз әлі білмейміз. Ақпарат ертең біздің сайтта пайда болады. Кеше ойыншылардың бірі жанкүйерлерге бірдеңе айқайлады, қандай да бір жест көрсетті. Осыдан бәрі басталды. Ол матчтың трансляциясына кірді ме, жоқ па, оны әлі білмейміз. Басқа қырынан қарап, зерттейтін боламыз. Матч комиссары, инспектор трибунада болды, олар білуі керек. Арандатушылық жасаған ойыншылар үш матчқа шеттетілуі мүмкін. Бірақ мұның бәрі ертең шешіледі.

Бұл – Қазақстан кубогы. Чемпионатқа қатысы жоқ. Сондықтан олар чемпионатқа қатыса алады.