Сербиялық футболшы бірде-бір кездесу өткізбей қазақстандық командадан кетіп қалды
26 жастағы сербиялық футболшы Лазар Сайчич «Атырау» сапында бірде-бір кездесуге қатыспай командадан кетіп қалды, деп хабарлайды meta-ratings.
Сайчич ойын түгілі «Атырау» командасы сапында бірде-бір жаттығуды да өткізбеген.
Сербиялық футболшыдан бөлек, «Атырау» сапына жазғы трансферлік кезеңде белорус Владимир Медведь, бразилиялық Аллеф, армениялық жартылай қорғаушы Соломон Удо қосылды. Олардың барлығы қазір команда сапында.