1 мин.

«Қайрат» пен «Омония» кездесуінде украиналық төрешілер жұмыс істейді

«Қайрат» пен «Омония» арасындағы Конференциялар Лигасындағы матчтың төрешілері белгілі болды.

«Орталық» стадиондағы ойында украиналық бригада жұмыс істейді. Атап айтқанда, бас төреші Сергей Бойко. Оның көмекшілері Виктор Матяш, Виктор Нижник және төртінші қазы Виталий Романов. Әділ қазылардың барлығы Украинадан екендігін айта кеткен жөн.

Еске салайық, «Қайрат» УЕФА-ның алғашқы турнирі Конференция Лигасының топтық кезеңінде «Омония» (Кипр), «Базель» (Швейцария) және «Карабах» (Әзірбайжан) клубтарымен ойнайды. Алғашқы матч 16-қыркүйекте кипрлік ұжымға қарсы өтеді.