«Тобыл» жаттықтырушы Ибраимовтың кетуі туралы ақпаратты жоққа шығарды
Ресми хабарлама
«Бүгін әлеуметтік желілерде бас бапкердің көмекшісі Саид Ибраимовтың «Тобылдан» кеткені туралы хабар тарады. Аты аталған маманның кетіп қалғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми хабарлаймыз. Саид Ибраимов «Тобыл» футбол клубында еңбек етеді. Айта кетейік, «сары-жасылдардың» ұлттық құрама сапына аттанған ойыншылары толығымен жиналды. Қазір қостанайлық команда штаттық режимде «Каспий» футбол клубына қарсы матчқа дайындалып жатыр», – деп жазды клубтың баспасөз қызметі.