1 мин.

Пьянич Қазақстанмен тең түскені туралы: «Бұл үлкен қателік»

Босния және Герцеговина ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Миралем Пьянич Қазақстанмен болған ойынға (2:2) қатысты пікір білдірді.

«Бұл үлкен қателік, басқа ештеңе айта алмаймын. Өз алаңымызда екі ұпай жоғалттық. Көптеген мүмкіндіктер болды, бірақ оларды пайдалана алмадық. Бұл футбол және әрбір жіберілген мүмкіндік жазаланады. Жіберілген голдан кейін қарымта гол салып, соңында алға шықтық, нәтиже біз үшін неғұрлым өкінішті.

Қазақстанға қарсы ойнау оңай емес. Олар басқа командалармен ұпай жинады, бірақ егер сіз топтағы алғашқы екі команданың қатарында болғыңыз келсе, оларды өз алаңыңызда жеңуіңіз керек.

Әсіресе Франциядан кейін бүгін біз басқа нәтижеге үміттендік. Нашар ойнаған жоқпыз, бірақ тәуекелге бармадық. Бір айдан кейін Қазақстан мен Украинада екі жаңа ойын болады, біз онда ұпай жинауымыз керек», – деп қорытындылады Пьянич.