Украина құрамасының шабуылшысы Роман Яремчук: «Менің әдемі голым ешкімге керек емес»
Украина ұлттық құрамасының шабуылшысы Роман Яремчук 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанмен болған тең ойынға қатысты пікір білдірді.
«Нәтиже маңызды еді, сондықтан ойын сәтсіз болды, себебі ұпай жоғалттық. Бәрі көрген шығар, не айтайын. Үш ұпай алу маңызды болатын. Іріктеу бітті ме? Білмеймін. Мұндай сөздер айтқым келмейді.
Әдемі голым ба? Ешкімге керек емес. Мен гол соққанша үш ұпай алғанымыз жақсы еді. Сене алмадым, 93-минутта гол соқтық қой...», – деді Яремчук.