Украина жаттықтырушысы өз ойыншылары туралы: «Адамдар Чемпиондар Лигасында ойнайды, бірақ мұндай қателіктер жібереді»
Украина ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Петраков Қазақстанмен тең ойынға қатысты пікір білдірді (2:2).
– Не айтарымды білмеймін. 93-минутта біз допты саламыз, мен қуанып тұрмын, содан кейін бір пас – гол. Адамдар Чемпиондар Лигасында ойнайды, бірақ мұндай қателіктер жібереді. Тіпті жастар футболында мұндай қателіктерге жол бермейді.
– Бұл концентрация мәселесі ме? Шаршап қалды ма? Екінші жіберілген допқа не себеп болуы мүмкін?
– Мен сізге қазір жауап бере алмаймын. Караваев қатты ұайымдап тұр. Мен олардың орнына шығып, гол соға алмаймын. Олар бірге-бір шығып гол соға алмайды.
Алғашқы 25-27 минутта жақсы ойнады, кейін шаршады. Содан кейін олар қайтадан ойнай бастады. Бұл схеманы функционалды түрде ұстай алмайды.
– Команда гол жібергеннен кейін ғана айтарлықтай ойнай бастады. Мұның себебі неде?
– Бұл футбол, сондықтан адамдар оны көреді.
Біз соңына дейін ойнаймыз. Жігіттердің бәрі ұайымдап жатыр. Олар қазір қалпына келуі керек, тіпті орнынан тұра алмай жүр. Жасанды алаңда ойнау қиын, барлығының аяқтары ауырып тұр. Енді 5,5 сағат ұшу керек, одан кейін Франция. Бірақ біз соңына дейін ойнаймыз.