1 мин.

Сербиялық шабуылшы Шкулетич «Ақтөбеге» ауысуы мүмкін

Мәскеулік «Локомотив» клубының бұрынғы шабуылшысы Петар Шкулетич француздық «Монпелье» клубымен келісімшартты бұзды.

31 жастағы серб қазір еркін агент. Sports.ru-ға белгілі болғандай, «Ақтөбе» Шкулетич өкілдерімен келіссөздер жүргізді, бірақ келісімге келген жоқ.

Шкулетич «Монпельеге» 2018 жылдың маусымында қосылды. Француз клубы үшін ол 59 матч өткізді, 4 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

«Монпельеге» дейін форвард түркиялық «Генчлербирлиги», мәскеулік «Локомотив» және белградтық «Партизанда» ойнады.