«Астана» Еурокубоктерден шеттетілуі мүмкін
Бұл туралы Владимир Жарков хабарлайды.
Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) елордалық клубқа ауыр жаза қолданылуы мүмкін деген ақпаратты жеткізген.
«Астана» 2016 жыл мен 2020 жылдар аралығындағы қарыздарын 8 қазанға дейін төлемесе, онда ұжым келесі жылы еурокубок ойындарына қатысу құқығынан айырылады.