«Базель» Конференция Лигасының алдында шабуыл шебін күшейтті
«Қайраттың» топтық кезеңдегі қарсыласы «Базель» бір күнде үш бірдей жас ойыншыларды қатарына қосты.
Жоэлсон Фернандеш — 18 жасар португалдық ойыншы. Позициясы — сол қапталдағы вингер. Ойыншы «Спортингтен» бір маусымға жалға ауысты.

Дан Ндойе — 20 жасар швейцариялық талант. Өз отанының құрамасына шақырту алып жүрген Ндойе Францияның «Ниццасынан» ауысып келді. Позициясы — оң қапталдағы вингер.

Ваутэр Бургер — нидерландылық 20 жасар футболшы. «Базель» футболшыны «Фейеноордтан» сатып алды. Ойыншының алаңдағы орны — орталық жартылай қорғаушы.
