1 мин.

«Астана» футболшысы бірнеше шет елдік команданың назарын аудартты

Елордалық «Астана» мен Армения құрамасының футболшысы Тигран Барсегян бірнеше шет елдік клубтардың назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Қолда бар ақпараттар бойынша, Барсегянға словакиялық «Слованнан» басқа екі бірдей ресейлік және екінші Бундеслигада өнер көрсететін команда назарын аударып отыр. 

Қыркүйек айында, ұлттық құрамалардың ойындарынан кейін ол команда ауыстыруы мүмкін. 

27 жастағы Барсегян «Астана» сапында өткен жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ал оған дейін «Қайсардың» намысын қорғаған. Биылғы маусымда ол Қазақстан чемпионатында 18 ойынға қатысып, бес гол соғып, алты нәтижелі пас берген.