Макс Эбонг «Мальмёге» ауысады
«Астана» клубы мен Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Макс Эбонг жақын күндері «Мальмёнің» ойыншысы атанады.
Бұл туралы журналист Николай Ходасевич өзінің телеграм арнасында хабарлады.

Швециялық «Мальмё» биылғы маусымда Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шықты. Команданың топтағы қарсыластары — «Зенит», «Ювентус» және «Челси».