Қайрат Боранбаев: «Qazsport бізге тек бір миллион теңге ұсынды. Бұл жеткіліксіз деп санаймыз»
«Қайрат» басшысы Айдын Қожахметке берген сұхбатында «Фолаға» қарсы ойын неге теледидардан көрсетілмегенің айтты.
– Qazsport бізге тек бір миллион теңге ұсынды. Бұл жеткіліксіз деп санаймыз. Біздің шарттарды қабылдамады ма, жарайды. Ойынды Kairat TV-дан көрсеттік. Жақсы көрсетілім болған, қайталаулар, флэш-сұхбаттар, графика, комментаторлар. Мен Жапониядан қарадым, біздің басқа мемлекеттердегі барлық жанкүйерлеріміз де қарады. Бәрі ойдағыдай. Өзіміздің құқықтары үшін күресуіміз керек, біздің футболымыз бағалануы үшін, табыс табу үшін.