Конференция Лигасының топтық кезеңіндегі барлық командалар анықталды
УЕФА Конференция Лигасының алғашқы маусымындағы топтық кезеңге шыққан командалар белгілі болды.
Еуропа футболының жаңа турнирінде қазақстандықтардың намысын енді тек «Қайрат» қана қорғайтын болады

Бірінші себет: «Рома» (Италия), «Тоттенхэм» (Англия), «Базель» (Швейцария), «Славия» (Чехия), «Копенгаген» (Дания), «Гент» (Бельгия), АЗ (Нидерланд), ЛАСК (Австрия).
Екінші себет: «Фейеноорд» (Нидерланд), «Карабах» (Әзірбайжан), «Маккаби» Тель-Авив (Израиль), ПАОК (Грекия), «Ренн» (Франция), «Партизан (Сербия), ЧФР (Румыния), «Заря» (Украина).
Үшінші себет: «Унион» (Германия), ЦСКА София (Болгария), «Витесс» (Нидерланд), «Слован» Братислава (Словакия), «Яблонец» (Чехия), «Алашкерт» (Армения), «Флора» (Эстония), «Қайрат» (Қазақстан).
Төртінші себет: «Линкольн» (Гибралтар), «Раннерс» (Дания), «Анортосис» (Кипр), «Омония» (Кипр), ХИК (Финляндия), «Маккаби» Хайфа (Израиль), «Будё-Глимт» (Норвегия), «Мура» (Словения).