Рукавина, Эужениу және Тигруджа «Астана» – «Каспий» матчына қатыспайды
Бірнеше ойыншылар футболдан Қазақстан кубогының «Астана» – «Каспий» матчына қатыспайды.
«Астананың» құрамында жарақат алған Антонио Рукавина мен Педро Эужениу ойынға қатыса алмайды. Рукавина матч алдындағы жаттығу кезінде тобықты ұрып алды, ал Эужениу бұлшықет жарақатына байланысты алаңға шықпайды.
Ақтаулықтар жартылай қорғаушы Шафик Тигруджадан айырылды. Тигруджа «Қайратқа» қарсы ойында (2:4) ескерту алды, бұл оның Қазақстан кубогы аясында екінші ескертуі болды. Шафик сары қағазының көптігіне байланысты ойынға қатыса алмайды.