2 мин.

ЦСКА бапкері Бабаян: «Команда міндетті түрде алға басады, бізге уақыт қажет»

ЦСКА жаттықтырушысы Григорий Бабаян «әскерилер» командасының баспасөз қызметіне берген сұхбатында өзінің жұмысы мен Мәскеу клубынан алған алғашқы әсері туралы айтып берді.

- Алексей Владимирович командада сіз стандарттарға жауапты екеніңізді айтты. Өкінішке орай, соңғы жылдары «әскерилер» командасының стандартты жағдайлардағы ойыны нашар болатын. Бірақ осы маусымда ЦСКА «Уфаға» бұрыштамадан, ал «Локомотивке» қарсы айып соққыдан кейін гол соқты.

- Бұл шын мәнінде менің жауапкершілігімде, бірақ біздің барлық қызметкерлеріміз стандарттардың сапасын жақсарту үшін жұмыс істейді деп айту дұрыс болар еді. Сарапшылар маңызды жұмыс атқаруда. Бізде біреу бәріне жауап береді деген жоқ. Біз топта жұмыс жасаймыз, бір-бірімізді қолдаймыз.

Әрине, біз пенальти мен бұрыштамаларға ерекше назар аударамыз. Үлкен жұмыс жүріп жатыр, бірақ оның сапасын арттыру үшін біраз уақыт қажет. Біз қолымызға келетінің барынша пайдалануға тырысамыз. ЦСКА-да позицияны қалай дұрыс таңдауға болатын және баспен жақсы ойнай білетін ойыншылар бар.

- Команда туралы алғашқы әсеріңіз қандай болды?

- Әрине, мен «әскерилер» құрамын бұрын білетінмің. Бізде жастар көп, бірақ тәжірибелі ойыншылар да бар – Марио Фернандес, Алан Дзагоев, Кирилл Набабкин, Георгий Щенников. Игорь Акинфеев ерекше сөздерге лайық. Ол соңғы жылдардағы ең жақсы қақпашы ғана емес, ол – нағыз аңыз, командада атмосфераны қалыптастыра алатын, серіктестеріне кеңес бере алатын адам. Игорь – қазіргі ЦСКА капитаны, оның көшбасшысы және алмастырылмайтын адам.

- Маусымның алғашқы кездесулерінде команда түрлі ойынды көрсетті. «Уфа» мен «Локомотивке» қарсы екінші таймда қарымта шабуылдағы футболды көрдік, бірақ кейде «әскерилер» ойын тізгінің қарсыласқа беріп, қорғаныста ойнады. Оған қарама-қарсы мысал «Динамоға» қарсы ойын, ЦСКА матчты жақсы бастап есепті тез ашқан, бірақ екінші таймда сәтсіз ойнаған. Оны қалай түсіндіре аласыз?

- Біріншіден, сіз мүлде басқа талаптары бар жаңа жаттықтырушылар штабы келгенін түсінуіңіз керек және командаға бізге бейімделу үшін уақыт қажет. Әзірге бәрі шынымен де ойдағыдай емес. «Уфа» мен «Локомотивпен» болған матчтарда өте төмен ойнап, қорғаныста отыру ниет болған жоқ. Үзіліс кезінде біз кейбір түзетулер енгіздік, схема құрылымын өзгертіп, екінші таймда ЦСКА агрессивті түрде ойнады. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына гол соғатын мүмкіндіктер пайда бола бастады.

Бейімделу жүріп жатыр. Ұмытпаңыз, оқу-жаттығу жиынында біз оңтайлы құраммен бірде-бір матч өткізе алмадық. Ойыншылар ұлттық құрамаға шақырылды, біреулер жарақаттарына байланысты матчтарға қатыса алмады. Команда міндетті түрде алға басады, бізге уақыт қажет.