«Жетісу» мүлдем гол соқпаған шабуылшымен толықты
Угочукву Одуэньи «Жетісу» ойыншысы атанды. Нигериялық шабуылшының соңғы клубы украиналық «Минай» болған. Бір қызығы 25 жасар ойыншы соңғы 2 маусымда мүлдем гол соқпаған. Уго талдықорғандық клуб сапында 25 нөмірмен өнер көрсететін болады.