Қазақстандық ойыншы Испания клубына қосылды
Сегунда-Б лигасында өнер көрсететін «Антекера» клубы 20 жасар қазақстандық ойыншы Дмитрий Бачекпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
“Қазақстандық шабуылдаушы-жартылай қорғаушы «жасыл-ақтарға» шабуыл жағынан көмектеседі. Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы «Антекераға» жылдамдық пен сапалы сыйлайтыны сөзсіз”-деп, клуб өкілдері Twitter парақшасында үн қатты.
Еңбек-шарты 1+1 жоспары бойынша жасалған.
![](https://photobooth.cdn.sports.ru/preset/post/d/3e/4cd8bca5b4b2195ef150565057b12.jpeg?f=webp&q=90&s=2x&w=730)